Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » БЕСАРЫҚТА КӨПІР ЖАҢАРДЫ

БЕСАРЫҚТА КӨПІР ЖАҢАРДЫ

Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында жаңа көпір пайдалануға берілді. "Жаңадария" каналының ауылға кіреберіс тұсынан ашылған автокөлік көпірінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жаңа көпірдің елді мекен әлеуетін арттыруға зор үлес қосуына тілектестігін білдірген облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов Бесарық ауылының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.
- Сырдария ауданында соңғы бес жылда жасампаз жұмыстар атқарылды. Аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығы мен барлық елді мекендерде жаңадан әлеуметтік нысандар бой көтерді. Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткен сырдариялықтар үшін бүгін ерекше күн. Көпірдің ашылуымен Бесарық ауылының тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Ал, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев елордалықтардың сәлемін жеткізіп, аудан жұртшылығына еңбекте табыс тіледі.
Жаңа көпірдің ашылу салтанатында еңбек ардагерлері сөз сөйлеп, ауыл халқының атынан алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Көпірдің лентасы қиылғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдері тиелген жүк көліктері жаңа көпір үстімен жүріп өтті.
09 қыркүйек 2018 ж. 1 466 0