Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ

АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ


Тіректі елді-мекендер қатарына енген Ақжарма ауылында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған дәлел ауылда спорт кешені мен дәрігерлік амбулатория салынып жатқандығы. Осы ретте БАҚ өкілдері спорт кешенінің құрылысымен танысып, ауыл тіршілігін көзбен көрді. Негізінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салуға облыстық бюджеттен 192,3 млн теңге қаржы бөлініп, осы уақытта «Мұнай құрылыс» мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта спорт кешенінде спорттық ойын түрлерімен қатар баскетбол, волейбол, футбол, қол добы, қазақ күресі, таеквондо үйірмелері ауыл балалары үшін жұмыс жасайтын болады. Өз кезегінде сала мамандары ауылдағы спортпен шұғылданушылардың үлес салмағы қақында баяндады.
Осы ауылда мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында салынып жатқан ауылдық дәрі­герлік амбулатория құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. Жалпы сомасы 137 млн. 934 мың теңгені құрайтын дәрігерлік амбулаторияны «Атах+ГС» ЖШС мекемесі салуда. Құрылыс жұмыстарына ауыл тұрғындары тартылған. Аталған нысанның аяқталу мерзімі мен ондағы жасалған жұмыс барысы туралы мамандар тілшілерге ақпарат берді. Ауылдағы ағайынды 39 жыл бойы емдеген медицина саласының ардагері Р.Есмахан ел тізгінін ұстаған азаматтарға алғысын білдірді.

***
Баспасөз-туры барысында тілшілер Бесарық ауылына табан тіреді. Мұнда елді-мекенге кіреберіс жолдағы «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысы таяуда аяқталған болатын. Көпір құрылысына былтыр облыстық бюджеттен 239,43 млн. теңге бөлінген еді. Бүгінде көпірді салу жұмыстары толығымен аяқталған. Осы ретте ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Әлжіков ауылдың басты көпірін қайта салуға себепші болған аудан активіне алғысын айтты. Ал, көпір сапасы мен аудандағы жалпы көпір салу жұмыстары жөнінде аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров хабарлама жасады.

Б.ОРДАБЕКОВ

11 маусым 2018 ж. 1 239 2

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 20:12
Acheter Kamagra Medicament Keflex For Urinary Tract Infection Dosage viagra My Canadian Pharmacy Corp Us Generic For Propecia

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 20:36
Cialis Pharmacie Maroc Frontal Hair Finasteride Propecia viagra online pharmacy Isotretinoin Find Cephalexin For Dogs Soide Effects Allpharmacy