БЕСАРЫҚТА КӨПІР АШЫЛДЫ
Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені. Оның қажеттілігін ел-жұрт жақсы біледі. Барар жеріңде ағынды су кездесіп, көпір болмаса, жолың кесілетіні сөзсіз. Сол себепті, көпірдің ел дамуында алар орны айрықша.
Сырдария өзеніне үлкен көпір түскеннен
кейін ауданда бұл бағыттағы игілікті іс көптеп
жасалуда. Тіптен, қос-қостап көпірлер салы-
нып, тұрғындардың қатынас жолы кеңейді. Ау-
дан орталығында ғана емес ауылішілік көпірлер
де жаңалануда. Соның бірі – Бесарық ауылына
кіреберістегі Жаңадария каналына түскен көпір
жаңадан салынып, жақында салтанатты түрде
пайдалануға берілді. Оған облыс әкімінің орын-
басары Р.Рүстемов, Астана қаласы әкімінің орын-
басары Е.Аманшаев, аудан әкімінің орынбаса-
ры Д.Байдушев, «Абай-Дәулет» ЖШС директо-
ры М.Сәрсенбаев, құрметті меймандар мен аудан
тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген
облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов көпірдің
маңызын атап өтті.
– Қай кезеңде де көпірдің маңызы ерекше.
Жаңадария каналына елу жыл бұрын түскен
көпір ескіріп, елдің қарым-қатынасына кедергі
келтірген еді. Енді міне аймақ басшысының
қолдауымен облыстық бюджеттен 239 млн. теңге
қаражатқа жаңадан көпір салынып, ел игілігіне
берілгелі отыр. Облыста 46 тіректі елді мекеннің
бірі – Бесарықтағы көпір халықтың әл-ауқатын
арттырып, алдыңғы қатарлы ауылдардың біріне
айналуына себепші болмақ. Ауыл халқы сыртқы
ортамен осы көпір арқылы қатынас жасап,
мәдени, рухани байланыстың артуына тілекшімін.
Халқымызда «Исі Алашыңды құрметтеу, өз
ауылыңның азаматын ардақтаудан басталады»
деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай, ауылдың
абаттануына кәсіпкерлер жақсы жұмыс жасап
жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің
арқасында Бесарықтың көркейіп, гүлденуіне ат-
салысуда, – деген облыс әкімінің орынбасары
елді мекеннің дамуына үлес қосып келе жатқан
кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.
Астана қаласының 20 жылдығына орай республиканы
аралап жүргенін айтқан Астанақаласы
әкімінің орынбасары Е.Аманшаев елордалықтардың
сәлемін жеткізді. Елде жасалып
жатқан жұмыстар Елбасы саясатының нәтижесі
екенін жеткізіп, Астана мен Қызылорда
арасындағы экономикалық байланыстың артуына
келісімге келгенін атап өтті. Жер-жерде жүргенде
осындай жаңа әлеуметтік нысандардың ашылып,
игілікті істерге куә болып келе жатқанынын ай-
тып, халықты көпірдің ашылуымен құттықтады.
Өз кезегінде ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Ақжігітов шекті уақытыжетіп, қайта жаңарған көпірдің салынып, ашылуына атсалысқан жандарға алғысын
білдірді. Ашылу салтанатында ауыл ақсақалы Ж.Ахметжанов ақ батасын берді.
Мұнан соң құрметті меймандар мен еңбек ардагерлері салтанатты түрде лен-
та қиып, жаңа көпір үстімен жүріп өткен ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк
көліктер шеруін тамашалады.
Жаңа көпірдің ашылу рәсімінен кейін мәртебелі меймандар ауыл тынысымен та-
нысты. Ауыл әкімі Н.Жүсіпова мен «Абай-Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев
елді мекен орталығында Орталық алаңды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды
жөндеуден өткізу бағытында атқарылған жұмыстарды айтты.
Қазіргі таңда тіректі елді мекен қатарындағы Бесарық ауылы гүлденіп,
көркеюде. Ауылға инвестор келгелі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, жол-
дар салынды. Орталық алаңда тұрғындардың демалысына жағдай жасалып,
абаттандырылған. Серіктестік ауылда жан-жақты жұмыс жасап, тұрғындарды
жұмыспен қамтуда. Осындай іргелі істермен танысқан меймандар ауылдық мәдениет
үйінде «Жаншуақты» әжелер ансамблінің өнеріне тәнті болды. Ақ жаулықты
әжелер қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып, құрметті қонақтарға
ауылдың алты ауызын айтты. Сондай-ақ, мейірімді жандар үш тілде ән шырқады.
Айта кетейік, ауыл инвесторы, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев
әжелер ансамбліне ұлттық аспап домбыра алып беріп, шығармашылықтарының
шыңдалуына үлес қосқан.
Елді мекен тынысымен танысқаннан соң меймандар, ауыл жұртшылығы егін
басына барды. Егінжайдан ескен леп алқаптың әнге, қырманның дәнге тола-
тынын аңғартқандай. Егістік алқапта серіктестіктің өндіріс бригадирі Махан-
бет Тілеубергенов сөз сөйлеп, биылғы егін жәйін айтты. Егін орағы түсер сәтте
диқандарға сәттілік тілеп, астықтың мол болуына телектестігін білдірді. Сөз
кезегінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әлжіков те қырманның
қызылға толуына тілекші екенін жеткізіп, ауылдың гүлденуіне, өркендеуіне атсалы-
сып жатқан кәсіп иелеріне алғысын жеткізді, батасын берді.
Мұнан соң еңбек ардагерлері, мәртебелі меймандар егінге орақ салу рәсімінің
лентасын қиып, қос «Магдон» жаткасы жайқалып тұрған күрішті дестеге айнал-
дырды. Бір атызды шыр айналып, шамалы уақытта орып шыққан қос жатканың
жүрісіне таңқалысын білдірген жұртшылық биылғы егіннің бітік шығып, диқандар
мерейі үстем боларына сенім білдірді.
Осы егістік танапта «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев
меймандарға серіктестік өнімдерімен таныстырды. Атап айтқанда, өндірілетін күріш
сорттарын, бақша өнімдерін және мал азығы болатын қорек түрлерін көрсетіп,
жеке-жеке тоқталды. Осы жерде серіктестік көпшілікке дастархан жайды.
аудандағы үздік ауылдың қатарына
кіреді деген сенім зор. Өйткені, бұл елді-
мекеннің, шаруашылықтың бүгінгі инвесторы
ауданға, облысқа белгілі Мұрат
Абайұлы Сәрсенбаев басқаратын «Абай-
Дәулет» ЖШС. Инвестор келген бойда ау-
ылды абаттандыруға, «Бесарық» ЖШС-ін
экономикалық жағынан дамытуға кірісті.
Биылдың өзінде елді мекенге 19 млн. 340
мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек
жасалыпты. Атап айтатын болсақ жаңа аял-
дама тұрғызылған. Орталық аллея абаттан-
дырылып, гүл егу және оны күтіп, баптау
жұмыстары жүргізілген. Ауылдық мәдениет
үйіне ішкі және сыртқы әрлеу, сахна-
ны безендіру, жарықтандыру жұмыстары
жасалынған. «Бөбек» бала бақшасына да жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс материалдарының бағасы аспандап тұрғанына қарамастан
ауылға қамқорлық танытып жатқан инвесторға көңіл толады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек
көрсетілген.
Бүгінгі таңда «Бесарық» ЖШС-ін дамытуға
нақты қадамдар жасалып отыр.
– Биылғы көктемде шаруашылық
алқабына 486 гектар күріш, 120 гек-
тер жоңышқа аралас бидай, 20 гек-
тар «Мырзашөл» қауыны, 14 гек-
тар картоп егілді. Сыр салысын
жинау басталды. Жақсы өнім
аламыз деген ойдамыз. Маңызды
науқанға қажетті техникалары-
мыз да сақадай сай. Биыл инвестор
бір «Джондир», бір «Класс»,
бір «Магдон» комбайнын және екі
«КамАЗ» автокөлігін тіркемесімен
алып берді, – дейді «Бесарық» ЖШС
директорының орынбасары Бейбіт
Белгібаев.
Бесарықта жаңа көпірдің ашы-
луы кезінде барғанымызда шаруашылықтың
өз өнімдерінен ауыл
шаруашылығы
көрмесін тамашалағанбыз.
Керемет. Республикалық
халық
шаруашылығы көрмесіне
барғандай
әсер алдық. Сөре
жайнап тұр. Күріштің, жемнің
түр-түрі, әсіресе картоптың біз
көрмеген түрлері бар. Хош иісті
«Мырзашөл» қауыны төрден
орын алған. Қазіргі таңда берекелі
Бесарықтың дәмі тіл үйіретін
қауынымен аты шығып тұр.
Судың тапшылығы кезінде сорап (на-
сос) пайдаланып, суды егіске ұқыпты,
үнемді бұрған қауын өсірушілер арам
шөптерді отап, бітік қауын өсірген.
Бұл қауындар өңірімізде үлкен сұранысқа
ие болып отыр. Бүгінде
шаруашылық қалада 4-5 жерден
уақытша дүкен ашып, елдің жеңсік
асын өткізуде. Сондай-ақ, көрші
ауылдарға ауданның бірқатар
елді-мекендеріне жеңілдетілген
бағамен сатылуда. Бұрын үлкен
беделге ие болған Сыр қауынының
атақ-даңқын қайта
оралтуға осы бесарықтықтар
қажырлы жұмыс жасауда.
Бүгінде «Бесарық» ЖШС ата-баба дәстүрін жалғастырып, асыл тұқымды
қой өсіруге бағыт ұстап отыр. Онда қазіргі кезде 5 мыңнан астам қой бар.
Саулық қойлар 50-60-70 келі тартса, асыл тұқымды қошқарлардың салмағы
100 келіге дейін барады. Ал, 10 айлық тоқты 20 келі тартады. Осы тоқтылар
базарға шығарылып, әрқайсысы 25 мың теңгеден сатылуда. Олардың бағасы
қолжетімді болғаннан кейін ауылдан келіп алып кетушілер көп. Әсіресе,
Құрбан айт кезінде тоқты саудасы қызу жүрді.
Бүгінде шаруашылық бойынша 400 тоқты сатылымға шығарылды.
«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» демей ме атам қазақ. Сол
айтқандай бесарықтықтар ет бағытындағы қой өсіріп, айтарлықтай нәтижеге
қол жеткізуде. Бесарықтың кезінде ақтылы қой өргізіп, атақ, даңққа бөленгені
де ел-жұрттың есінде. Олай болса, ата кәсіпті жалғастырушыларға айыңыз
оңынан
тусын дейміз.
Қос ЖШС «Абай-Дәулет» және «Бесарық» мал азығымен өздерін және
ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. Биыл шаруашылық еңбеккерлеріне
арзан бағамен 20 мың дана пресс таратылды. Ауылдағы мүмкіндігі шектеулі
мүшелері бар 10 отбасының әрқайсысына 200 данадан жоңышқа пресс тегін
берілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына мал азығы қалаға қарағанда арзан
бағамен сатылды. Бұл ауылда тұрып, мал ұстап, ата кәсіпті жаңғыртамын
деген азаматтарға үлкен қолдау болып отыр. Төрт-түлікті түгел өсіріп,
оның өнімін ел игілігіне арнап отырған қос серіктестік қыстық мал азығын
жеткілікті дәрежеде жинап алды.
Алдағы уақытта серіктестік ауыл паспортын, ауыл мешітінің айнала-
сын толық абаттандыру, кіреберіс арканы әрлеу жұмыстарын жүргізіп, елді
мекеннің көркеюі тұрғысындағы жұмыстарды жасай бермек.
Ауыл жанынан жаңа көпір ашылғанда дуалы ауыз жандар «Бесарық пен
Қызылорда, Бесарық пен Астана арасын жалғастыратын алтын көпір болсын
» деген тілек айтып еді. Бесарықтың
ауыл шаруашылығы өнімдерінің
Елордаға дейін жететініне
бүгінде сенім зор. Ауылың гүлденіп, экономикаң
шарықтап өсе берсін берекелі Бесарық.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ, Ердос БЕРКІНБАЕВ