ЖҮЗІК СӨЗІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қоры және экспозициясындағы этнографиялық жәдігерлерді зерттеп, оларға ғылыми сипаттама беру барысында, зерттеліп отырған заттың атауына еріксіз назар аударасыз. «Осы зат неге осылай аталды екен, халқымыз неге осылай атап кеткен екен» деген ой сананы билеп алып, ой тұңғиығына алып кетері рас. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінен ақпар беретін этнографиялық жәдігерлер, оның ішінде әшекей бұйымдар атаулары біраз дүниені ашып, айтып берері анық.
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Оның ішінде, әсіресе, жүзіктің орны ерекше.
Қазақ зергерлерінің ең көп жасайтын әшекейлерінің бірі де осы жүзік. Жүзік – көзіне асыл тас орнатқан қолға салатын сақина. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі асыл тастардан, түсті шынылардан көз орнатылады.
Жүзік сөзі жүз сөзінен шыққан. Жүз – адамның бет-әлпеті, өңі деген мағынаны береді. Жүз түбіріне ік қосымшасының жалғануы арқылы саусаққа тағатын әшекей атауы, яғни жүзік сөзі пайда болды.
Сәнді әшекейге асыл тастан көз орнатқандықтан, көзді, яғни жүзді болып келуіне байланысты жүзік сөзі туса керек. Орнатылған көз сол бір бұйымға өң, әлпет, түр беріп тұрғандай әсер қалдырғанға ұқсайды. Аңыздар мен қиял-ғажайып ертегілерде жүзікке орналастырған көзден кісі жүздерін көріп, ақпарат алмасып отыра алатын таңғажайып мүмкіндік болған. Халық санасында дәл осындай қиял элементі бекер жүрмесе керек.
/жалғасы бар/
Әйгерім БЕКҚҰЛИЕВА,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің
«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі