Қазақстан егемендікке қалай қадам басты - шолу
Бүгін еліміз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді. Осыған орай республаканың экономикалық һәм саяси егемендікке қалай қол жеткізгені жайында Kazinform агенттігі шолушысының материалынан таныс болыңыздар. KAZINFORMТәуелсіздік іргетасы
Мемлекеттік егемендік туралы декларация – Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасқан іргетас. Құжат КСРО экономикасы күйреген және ел тарихында белесті сәтке айналған «егемендік шеруі» басталған күрделі жағдайда әзірленді. Оқиғаның ауқымын бағалау үшін сол уақыттың ерекшелігін паш ететін негізгі бірнеше сәттің маңыздылығын атап өткен жөн.
Біріншіден, адамдардың бірнеше буыны кеңестік шындық жағдайында тәлім-тәрбие алды және барлығы бірдей өзгерістерді қолдай қойған жоқ. Бұл жайт тіпті Парламентте, сол кезеңдегі Жоғарғы кеңесте де байқалды.
Екіншіден, экономикалық негізсіз саяси декларацияның қажетті күші де, мән-маңызы да болмас еді және де бұл орайда құжат қабылданғанға дейін нақыты экономикалық егемендік алу үшін шаралар бекітіліп қойғанын атап өту маңызды.
Дегенмен, ең бастысы тәуелсіздік алу – ұзаққа созылған процесс екенін түсіндіру қажет және де оны 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларынан бастау керек. Қазақстан бірінші болып бұрынғы КСРО аумағында қолданыстағы саяси жүйеге қарсы шықты. Бұл жайт демократияландырудың катализаторына, тәуелсіздіктің хабаршысына айналды.
Толықтай түбіне дейін сығымдалған серіппедей тарих таңқаларлық жылдамдықпен жазылып қоя берді. Арада 3 жыл өткеннен кейін Қазақстанның дербестігіне қатысты мәселе Кремль мінберінде талқыға түсті. 1989 жылы елге экономикалық және заңды дербестік беруге бағытталған шешімдер қарқынды қабылданып, «егемендік» сөзі республикалық бұқаралық ақпарат құралдары бетінен түскен жоқ.
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform








