Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕС МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖӘДІГЕР

БЕС МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖӘДІГЕР


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылды.
    Мұндағы жәдігерлер 5 мыңжылдық тарихтан сыр шертеді. Сыр аймағынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12, ал өңірлік деңгейге 35 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілген. Мұражайдағы жаңа экспозияциялар залынан ежелгі Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент қалашықтарында қолданылған тұрмыстық және әшекей бұйымдарды көруге болады. Әсіресе, ортағасырлық шаһарлардан табылған 400-дей дана алтын, күміс теңгелер музейдің басты құндылықтары қатарында. Бұл жәдігерлерді жергілікті археологтар 2005 жылдан бері жинақтаған.
    Асхат Сайлау, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:
    - «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасында ескерткіштер 5 топқа жіктелген. Бірінші – табиғи мұралар, екінші – археологиялық кешендер, үшінші – діни-ғибадат орындары, төртінші – жеке тұлғаларға арналған нысандар және саяси оқиғаларға байланысты нысандар. Енді осы 5 топқа жіктелген нысандар бойынша 4 сөреге орналастырдық.
    24.kz
27 ақпан 2018 ж. 1 397 0