Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА ҚАТЫСА АЛМАҒАН ҚАЗАҚ КӨКПАРШЫЛАРЫ КІМГЕ ӨКПЕЛЕДІ?

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА ҚАТЫСА АЛМАҒАН ҚАЗАҚ КӨКПАРШЫЛАРЫ КІМГЕ ӨКПЕЛЕДІ?

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпар командасының айналасындағы дау неден шыққанын түсіндірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазақ көкпаршылары бірінші ойынға БАҚ-та жазылғандай, аттың болмауынан қатыспаған жоқ. Қазақстан құрамасының ойынға шықпай қалуына ережеге келіспеушілік себеп болған. Халықаралық ережелерге сәйкес, көкпар шеңберде ойналады, бірақ Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарында форматы өзгертіліп, шеңбердің орнына қазандық орнатылыпты.
"Мен ойындардың ашылуында болдым, біз халықаралық ережелер сақталуы керектігін түсіндіру үшін жауапты адамдарды шақырдық. Көкпардан әлем чемпионаты болған кезде, биік қазандықтың орнына шеңбер қолдандық. Өткен жылы қазандық тұрған кезде, біздің спортшылар ауыр жарақат алды, бүкіл әлем шеңберге көшті. Сол үшін біз наразылық білдірдік", — деп түсіндірді Мұхамедиұлы.
«Қамшы» сілтейді
08 қыркүйек 2018 ж. 849 0