Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мұхамедиұлы Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу жайлы пікір білдірді

Мұхамедиұлы Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу жайлы пікір білдірді


ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу жайлы пікір білдірді.
Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Головкинмен кездескен. Кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Президентке өзінің чемпиондық белбеуін сыйға тартты.
«Бұл кездесуде мен де болдым. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу мәселесін талқыладық. Қазіргі уақытта Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, өзге мемлекеттер чемпионатты өткізуде кезекте тұр. Ал Головкиннің жекпе-жегіне әлем қызығады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Мұхамедиұлының айтуынша, бұл мәселе алдағы уақытта боксшының менеджерлерімен талқыланатын болады.
«Қамшы» сілтейді
30 маусым 2018 ж. 1 174 0