СЫРДАРИЯДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ
Бүгін Сырдария ауданында егінге орақ түсті. Егістік алқабындағы айтулы іс-шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастаған атқарушы билік өкілдері қатысып, диханшыларға игі тілектестігін білдірді.
– Сыр күріші – ел ырысы. Жыл сайын ауданымыз егін саласы бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 32 210 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды.
Оның ішінде жаздық бидай 500, мақсары 325, сүрлем жүгері 10, жаңа жоңышқа 2906, ескі жоңышқа 6775, картоп, көкөніс, бақша 820 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 20 874 гектар,- деген аудан әкімі биылғы жылы да егіншілер жақсы көрсеткіштерге жететініне сенім білдірді.
Аудан басшысы сонымен бірге ауданның ауылшаруашылық саласында жемісті еңбек еткен бірқатар азаматтарға "Сырдария ауданының 90 жылдығы" мерекелік медалін табыстады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.