АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шиелі ауданында 2018 жылдың 7 айында 3,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артты. Еске сала кетейік, 2017 жылы ауданда 3,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген еді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
Егін шаруашылығына келсек, биылғы жылы барлығы 29 062 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, күтімге алынды. Оның 12 500 гектары негізгі дақыл – күріш, 936 гектары күздік, ал 257 гектары жаздық бидай. Тағы 250 гектары жүгері, 65 гектары тары, 1014 гектары мақсары, 3035 гектары жаңа, 6588 гектары ескі жоңышқа. Бұған қоса, 89 гектар жерге мал азығындық асқабақ егілді. Қалған 1050 гектары картоп, 1285 гектары көкөніс және 1993 гектары бақша өнімдері.
Күріш дақылы жалпы егіс көлемінің 43 пайызын құрады.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есеге арттыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Аудан еңбеккерлері осы биік мақсат жолында жұмыс жасап жатыр.
Тағы бір жағымды жаңалық – Шиелі ауданында «Сыр агро и К» ЖШС-нің жобалық құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 1100 бастық тауарлы сүт фермасының құрылысы басталды. Қазіргі таңда кешен құрылысын жүзеге асыру үшін кәсіпкерге 20 га жер телімі сауда саттық арқылы табысталды.
Сүт өндіру бағытында «Асылхан» шаруа қожалығының жобалық құны 250 млн. теңгені құрайтын сүт өңдеу цехы іске қосылды. Аталған цехта тәулігіне 1 тонна сүт өндіріледі. Сондай-ақ, «Аруана» цехы өз өнімдерінің түрін көбейтіп, түйе сүтінен балмұздақ жасап шығаруда. Бұған қоса, ауданда балық өндіру кооперативі құрылып, жылына 500-600 тонна балық өндіріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Шиелі ауданында 201 майда қожалықтар мен 311 дара кәсіпкерлердің бірігуімен 37 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде биылғы жылы 6 кооператив құрылған.
Биылғы жылы айналымнан шығып қалған 3700 га жайылымдық жер егістік алқабына ауыстырылды. Олар – «Төңкеріс-К» шаруа қожалығы – Жалғыз ағаш учаскесі 1800 гектар, «Агро Байдалы» ЖШС 1700 гектар және Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты «Сыр Игілігі» ЖШС 200 гектар.

https://syr-media.kz/
Пікір 1