ДАЛА КҮНІ: ДӘН СЕБУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
Кеше «Шаған-Жер» ЖШС №6 егіс алқабында «Дала күні» тақырыбында семинар-кеңестің пленарлық мәжілісі өтті. оған облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аймақтағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының төрағалары және шаруашылық өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесті ашқан облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы Сыр диқандары соңғы жылдарда зор жетістіктерге жетіп келе жатқандығын атап өтіп, биыл да тиісті жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Жылдағы дәстүрге сай егіс науқаны алдында оған дайындық барысын пысықтап, өзекті мәселелердің түйінін тарқату маңызды екенін жеткізді.
Пленарлық мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Биылға межеленген жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
– Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 177,1 мың гектарға егіс егу жұмысы межеленген. Оның ішінде, дәнді дақылдар 88,0 мың, майлы дақылдар 10,6 мың, мал азықтық дақылдар 60,6 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 17,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл – күріштің көлемі 81,1 мың гектар. Ауыл шаруашылығы құрылымдары өткен жылдың күз айларында 3236 гектар күздік бидай егуді және 55,8 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті. Қазіргі кезде егілген күздік бидай егісі тырмаланып, 1913 гектар үстеп қоректендіріліп, 2186 гектар суғарылды. Сонымен қатар, 39622 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, оның 20649 гектары суғарылды, – деген басқарма басшысы ерте егілген дақылдар көлемін мәлім етті.
Ерте егілген дақылдардан 19097 гектар жаңа жоңышқа, 10282 гектар мақсары, 2223 гектар жаздық бидай және 433 гектар арпа егілген. Үстіміздегі жылдың егісіне қажетті 22695 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 658 тонна жаздық бидай, 86 тонна арпа, 259 тонна жоңышқа және 157 тонна мақсары тұқымы дайындалған. Сондай-ақ, бүгінде егіске қажетті минералды тыңайтқыштар алынуда. Дала жұмыстарын жүргізуге арзандатылған жанар-жағар май ауыл шаруашылығы құрылымдарына таратылыпты. Және де көктемгі егін егу жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникалары толығымен жөндеуден өтіп, сақадай сай тұр.
Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға 4,2 млрд. текше метр су лимиті бекітілген. Соған орай, қазіргі таңда Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 440 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 4,7 млрд. текше метрді құрайды.
Егін науқанына әзірлік жұмыстарын жеткізген басқарма басшысы Бақыт Дүйсенұлы аталмыш салаға қатысты мәселелерді қозғады. Мәселен, аймақта күріштен басқа дақылдардың тұқымын әзірлеу жұмыстары қолға алуды қажет етеді. Яғни, өнімділікті арттыру үшін өңірде жоғары репродукциялы тұқымдарды өндіретін шаруашылықтар құрылуы тиіс. Тиісінше, ол сапалы, жоғары өнім алуға мүмкіндік ашпақ.
Сонымен қатар, қазіргі таңда облыста жердің тұздылығы жоғары. Оны төмендету тұрғысында Жамбыл облысы әкімі аймақ басшысына арнайы ұсыныспен шыққан. Қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС-де фосфогипс қоры жинақталып қалған. Соны сұранысқа сай тегін таратуға өңіралық келісім жасалыпты. Фосфогипстің жер тұздылығын төмендетуге көмегі көп. Бұл ғылыми институтта тәжірибеден өткен. Осының арқасында жердің құнарлылығы жоғарылап, мол өнім алуға септігі тиеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы құрылымдары осындай мүмкіндіктерді пайдаланып қалуы қажет. Бұл өз кезегінде келер жылдан бастап күрішке берілетін субсидияның тоқтауына байланысты да өнімділікті арттыруға пайдасын тигізбек. Мұның пайдасы жөнінде мәжілісте «Қазфосфат» ЖШС-нің өкілі де айтып өтті.
Мұнан кейін жиында Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы ауданы әкімдерінің орынбасарлары көктемгі дала жұмыстарының барысы және егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде хабарлама жасады. Аудандардағы дайындық жұмыстарын жеткізіп, өзекті мәселелерді талқыға салды. Атап өтейік, үстіміздегі жылы аудан бойынша 29926 гертарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылмақ. Науқандық жұмыстарға сырдариялықтар жоғары дайындықпен келген. Минералды тыңайтқыштар жеткізілуде, техникалар да әзір. Қазіргі таңда жер өңдеу, егін егу жұмыстары жүруде.
Семинар-кеңес барысында «Шаған Жер» серіктестігінің көктемгі дала жұмыстарына әзірлігі жөнінде шаруашылық төрағасы Б.Қадіров, егінге қажетті су жеткізу туралы «ҚазСуШар» РМК облыстық филиалының басшысы Б.Арыстанбаев, егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген жолдары жайында «Ы.Жахаев атындағы Күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры С.Өмірзақов, ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің электрондық картасын қалыптастыруды жүзеге асыру жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев баяндады және өз салаларына қатысты мәселелерді айтты. Пленарлық мәжілісте облыс әкімінің орынбасары биылғы жылы егіске қажетті су тапшы болатынын мәлім етті. Сол үшін межеленген көлемнен артық егін екпеуді, суды пайдалануда ауыл шаруашылығы құрылымдары бір-біріне кедергі келтірмеуді ескертті. Сондай-ақ, өңірде мақсары дақылының көлемін арттыруды да атап өтті. Бұл тұрғыда, аймақта арнайы зауыт жұмыс жасауда. Оған қоса, шет мемлекеттен оған сұраныс бар. Сондықтан шаруашылықтар күрішпен қатар мақсары, мал азықтық дақылдар көлемін көбірек егуі қажет. Бұл шаруашылық шығындарын өтеуге септігін тигізеді. Және де облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов ағымдағы жылы өндірілген өнімге субсидия берілетінін атап өтті. Ал келер жылдан бастап күрішке берілетін субсидия тоқтайтынын ескертті. Десе де, аймақта ауыл шаруашылығы құрылымдарына қолдау болатынын жеткізді.
Жалпы, пленарлық мәжілісте ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттары, оның ішінде егін шаруашылығына қатысты атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мақсат-міндеттер жан-жақты талқыланды.
Е.БЕРКІНБАЕВ

Пікір 2