Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ЕГІНШІЛЕР ЖАҢА ТЕХНИКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА

СЫРДАРИЯЛЫҚ ЕГІНШІЛЕР ЖАҢА ТЕХНИКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА


Сырдария ауданының дихандары егін жұмыстары барысында жаңа техникаларды пайдалануда. 2018 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруашылық құрылымдары 548 млн. 244 мың теңгеге 17 жаңа техника алынды. Бұл туралы бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев мәлімдеді.
"Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша 2,3 млрд.теңгені құрап, 1,7 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 32 мың 210 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде жаздық бидай 500, мақсары 325, сүрлем жүгері 10, жаңа жоңышқа 2906, ескі жоңышқа 6775, картоп, көкөніс, бақша 820 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 20 мың 874 гектар,- деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, 18 мың 500 гектар күріш дақылы тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, гербицидпен өңделгенін айтқан аудан әкімі Мал шаруашылығынан өндірілген өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0 %-ға, сүт 101,7 %-ға, жұмыртқа 106,4%-ға орындалғанын атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
28 тамыз 2018 ж. 1 657 0