ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ӘБДІҚАЛЫҚОВА ГҮЛШАРА НАУШАҚЫЗЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫ
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Сыр елі – алты Алаштың басын қосып, бағын асырған киелі де тарихи мекен. Бұл өңірде Шірік-Рабат Жанкент, Сығанақ сияқты көне астаналар орын тепсе, Кеңестік дәуірде – Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болып тарихта қалды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сыр – Алаштың анасы» деген сөзінде тарихи құндылық бар.
Талай тарихты қойнауына бүккен бүгінгі Сырдария ауданы – сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов, халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен Әбіраш Жәмішев, ақын-жазушылар Танәш Дәуренбеков, Сейфолла Оспан, Нұрхан Жанаев, Қайырбек Асанов, Қанафия Дәрібаев сынды талантты тұлғаларды өмірге әкелген өркенді өлке.
Мемлекет басшысының сындарлы саясатының аясында аудан дамудың даңғыл жолына түсіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында серпінді жұмыстар атқарылуда. Сырдария ауданының бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері мен табыстары жергілікті жұртшылықтың ынтымағы мен бірлігінің айқын айғағы және еселі еңбектің жемісі деп білеміз.
Ауданның 90 жылдық тарихи-шежірелі мерейтойын жоғары деңгейде атап өту барша сырдариялықтар үшін зор мәртебе.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолындағы сырдариялықтардың игілікті істері табысты болсын!
Мереке құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.ӘБДІХАЛЫҚОВА
Астана, Ақорда 2018 жыл, тамыз
Астана, Ақорда 2018 жыл, тамыз