АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін аудандық мәдениет үйінде "30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысып, аудан тұрғындарын Ата Заң мерекесімен құттықтады.
– Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халық болып талқылап, референдумда ел болып қолдаған Ата заңымыз - "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы", деп басталады. Осы сөздерде Мәңгілік Елді мұрат тұтқан ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық та, мемлекеттілігін жаңғыртқан көп ұлтты халықтың ортақ ұмтылысы да бар. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Заң жоқ жерде теңдік те, шынайы бостандық та жоқ!» дейді. Яғни, Конституция – қоғамдағы теңдік пен әділеттілік рухын қалыптастыратын, әрі оны демейтін ең тегеурінді қуат көзі,-деді аудан әкімі.
Шара барысында аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ж.Ұзақбаева және Ақжарма ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы Н.Атымтаев мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етуге салтанатты түрде Ант қабылдады.
Сонымен бірге, бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.