СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін «23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай аудан орталығында салтанатты іс-шара өтті.
Оталық саябақта ұйымдастырылған салтанатты іс-шара Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды. Сонымен бірге, аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Ербол Бөлебаев пен Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Салтанат Жанкулова Ант қабылдады.
Мұнан кейін аудан әкімі Ғ.Қазантаев сөз сөйлеп, ел дамуы жолындағы қажырлы еңбек етіп келе жатқан мемлекеттік қызметшілерді мерекесімен құттықтады.
– Ауданымызда ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген мемлекеттік қызметшілер аз емес. Олар өз еңбектеріне қарай әртүрлі марапаттарға ие болып, мемлекеттік наградаларға да қол жеткізіп келеді. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет ету, өзгелерге үлгі болу. Мен өз әріптестерімнің осы талап деңгейінен көрінетіндеріне сенемін,- деді аудан басшысы.
Салтанатты шара барысында қызметте жақсы жетістіктерге жетіп, жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып келе жатқан бірқатар мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы
аудан әкімінің баспасөз хатшысы