Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан жұртшылығын құттықтады

Аудан жұртшылығын құттықтады


Құрметті Сырдария ауданының жұртшылығы! 
Қадірлі жерлестер!
Тоқсанның төріне көтерілген торқалы тойларыңыз құтты болсын!
Спортшылар атынан Сырдария ауданы тұрғындарын, ауданның 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Ғасырға жуық тарихы бар ауданымыздан елімізге еңбек сіңірген бірқатар спортшылар шықты. Қазіргі таңда еліміздегі, әлемдегі түрлі додаларда аудан намысын қорғап жүрген спортшыларымыз алдағы уақытта да Сырдария жұртшылығының абыройын асқақтатып, өңірдің жан-жақты қарышты дамуына өз үлесін қосады деп сенемін.
Алда биік белестер мен жаңа жетістіктер тілеймін. Сырдария өрендерінің жетістіктері, атақ-даңқы жер-жаһанға тарай берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ауданымыз қарқындап дами берсін!
Ізгі ниетпен,
Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы - Жақапбаева Айнұр Абсадыққызы.
11 тамыз 2018 ж. 1 846 0