Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейд жұмыстары жүргізілді

Рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Құрметті аудан тұрғындары Сырдария ауданы көлемінде “Қауіпсіз үй “жедел профилактикалық іс-шара аясында нүктелік іс-шара қазан айының 30 мен қараша айының 1 күндер аралығында ұйымдастырылуда. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кафе барлар ойын- сауық орындары араланып, түнгі мезгілде жүрген жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ата - аналарына ескертулер жасалды.

Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.
31 қазан 2026 ж. 66 0