Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді серпінді Сырдария ауданының 90 жылдық айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі Сырдария ауданы – Сыр өңіріндегі іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екені белгілі. Тамыры терең, тарихы кенен ау­данымыз биыл өзінің 90 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Аталған ме­рейтойдың кең көлемде тойлануы 2 Кеңес Одағының Батыры мен 8 Сациолистік Еңбек Ері шыққан ауданымыз үшін зор қуаныш. Бұл Тәуелсіздігіміздің жемісі, Елбасы саясатының нәтижесі.
Ақындар «Таланттардың өлкесі» деп жыр­ға қосқан Сырдария ауданы сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов, халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен Әбіраш Жәмішев, театр саңлағы Сәбира Майқанова, ақын-жазушылар Танаш Дәуренбеков, Сейфолла Оспан, Нұрхан Жанаев, Қайырбек Асанов, Қанафия Дәрібаев т.б. талантты тұлғалар мен жерлестер мақтанышына айналған елжанды азаматтарды өмірге әкелген киелі мекен.
Ынтымақ пен бірліктің түпқазығы болып саналатын Сырдария ауданында тұр­­ғын­дар игілігі үшін соңғы жылдары жасам­паз жұмыстар атқарылуда. Халық бір­лі­гінің нәтижесінде жүзеге асқан жүйелі жұмыс­тарды өзге өңірлер өз тәжірибесіне енгізуде. Ауданда соңғы 5 жылда барлық салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. Құрылыс, инвестиция көлемі артып, ауданның бюджеті бірнеше есеге артты. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде жаңа нысандар салынып, пайдалануға берілді. Күріштен рекордтық көрсеткіште өнім жиналып, Сырдария ауданы бірнеше рет облыста «Үздік аудан» атанды.
Елбасының «Қызылорданың қазіргі жағ­дайынан-ақ Қазақстанның қаншалықты қар­қынды дамығанын көруге болады» деген сөзі біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық да­муына берген бағасы деп білеміз. Алдағы уақытта да 90 жылдық тарихы бар Сырдария ауданы ел дамуының басым бағыттарын жүзеге асыруға үлес қоса бермек.
Ауданның айтулы мерекесі құтты болсын! Серпінді Сырдария ауданы қарыштап, дами берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгі, елдігіміз еңселі болсын!

Құрметпен, Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі
07 тамыз 2018 ж. 5 342 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 09:15
Viagra Indicazioni п»їcialis Cialis On Line Acquisto Sicuro Baclofene Et Sep Viagra Chino

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 16:49
Cialis Comprar Viagra Cialis Online Con Paypal Preisvergleich Viagra Rezeptfrei cialis from canada Interaction Of Vitamin D And Amoxicillin