Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәсіпкерлер күніне орай бизнес-қауымдастық өкілдері марапатталды

Қызылордада кәсіпкерлер күніне орай бизнес-қауымдастық өкілдері марапатталды

Қызылордада «Қазақстан кәсіпкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтық бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті.

Негізгі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында пікір алмасып, жаңа мүмкіндіктерді талқылау.

Облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы төрағалық еткен кездесуге Инвестициялық омбудсмен – Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев, Өңірлік кеңес төрағасы Мұрат Сәрсенбаев, сондай-ақ бизнес өкілдері мен салалық мемлекеттік мекемелер және қаржы институттары қатысты.

Кездесу соңы салтанатты шараға ұласып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып жүрген сала үздіктеріне ведомстволық және облыстық деңгейден құрмет көрсетілді.

Теміржол және машина жасауда кәсіби біліктілігімен танылып, саланың дамуына қосқан үлесі үшін:

«Қамқор Локомотив» серіктестігінің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалы директорының міндетін атқарушы Бүлеков Нұрлан Нұржанұлы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен;

«Марал-Нұр» серіктестігі директорының кеңесшісі Ким Лев Николаевич «Машина жасау өнеркәсібінің үздігі» төсбелгісімен;

Құрылыс индустрияның дамуына қосқан үлесі үшін: «КСМ KZ» серіктестігінің өндіріс басшысы ЖҰМАБЕКОВ Аманбайға «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосқан «Нур-Жол Алем», «Turanium» және «Altyn Bricks Kyzylorda» кәсіпорындарының басшылығына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаевтың «Құрмет грамотасы» табысталды.

Кәсіпкерліктің табысты дамуы – экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адалдық, ашықтық және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарымен де тығыз байланысты. Осы қағидаттарды дәріптеуге бағытталған «Адал кәсіпкер» өңірлік науқанының 7 номинация бойынша жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

«Адал кәсіпкер – үлгілі салық төлеуші» номинациясымен «Turanium» ЖШС;

«Адал кәсіпкер – жауапты жұмыс беруші» номинациясымен «Ақсауле-Мед» ЖШС;

«Адал кәсіпкер – қауіпсіз кәсіпорын» номинациясымен «РЕМ. ПАССАЖИР ВАГОН» ЖШС;

«Адал кәсіпкер – әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясымен Жаңажол» ЖШС;

«Адал кәсіпкер – ашық бизнес» номинациясымен «Venera Print» ЖШС;

«Адал кәсіпкер – Үздік шағын бизнес» номинациясымен жеке кәсіпкер «Достық»;

«Адал кәсіпкер – үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясымен Қызылорда механикалық зауыты «КВАНТ» ЖШС.

Салтанатты шараға қатысқан басқа бизнес өкілдері мен бірқатар салалық қызметкерлерге облыс әкімінің алғыс хаттары және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасының құрмет грамоталары табысталды.
30 қазан 2026 ж. 69 0