МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ
Құрметті Ғанибек Қонысбекұлы!
Қадірлі сырдариялықтар!
Сізді және Сіз арқылы барша аудан жұртшылығын Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Сырдария ауданы – облыстағы іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Тарихы тереңде жатқан бұл өлке көптеген дарынды, кемеңгер тұлғаларымен танымал. Бұл жерде еңбекпен есейіп, еліне қалтқысыз қызмет қылған біртуар перзенттер де жетерлік. Сол себепті, Сырдария жері – небір таланттарды түлеткен киелі мекен.
Кемелденген өңірдің жері кең-байтақ. Мұнда қазба байлықтары мол. Соған орай, ауданның да әл-ауқаты жақсы екені айқын. Қазақстанның ажырамас бір бөлігі саналатын ауданның өсіп-өркендеуі күннен-күнге қарыштап келеді. Жыл өткен сайын жаңарып, жаңғырған аудан орталығында ауқымды жұмыстар жасалуда. Құрылыс қарқынды дамып, дәулетіне сәулеті сай болуда. Еңбекқор жандардың күш-қуатының нәтижесінде қазір берекелі аудан гүлдеп, жайнаған. Бір сөзбен айтқанда, 90 жылдық айтулы мерейтойды аудан халқы жарқын жетістіктермен қарсы алуда.
Сырдариялықтарды мерейтоймен құттықтай отырып, жылдан-жылға дами беруіне тілектеспін. Бұл өлкеде ауқымы кең істер атқарылып, жетістіктер алаңына айналуына тілекшімін. Той тойға ұлассын!
У.Линьган,
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз»
АҚ бас директор