СЫРДАРИЯЛЫҚ АТАҚТЫ ДӘРІГЕРЛЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Ауданның 90 жылдық айтулы мерейтойына орай еліміздің үлкен қалаларының денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген сырдариялық бірқатар дәрігерлер аудандық аурухана базасында шеберлік сағатын өткізді.
Аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Қызылорда қаласынан және аймақ аудандарынан дәрігерлер қатысты.
Шеберлік сағаты барысында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы медицина саласы профессорлар клубының төрағасы Марат Шадыбайұлы Абдуллаев, медицина ғылымдарының докторы, «Казмуно» ангио және рентгендік-эндоваскулярлық хирургия профессоры Серік Ерішұлы Тұрсынбаев, жоғары санатты хирург, Алматы қаласындағы темір жол ауруханасының клиникалық-оқыту орталығы директорының орынбасары Алик Сәруарұлы Искаков, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының реанимация және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Қайырханұлы Пірмағанбетов дәрігерлер үшін кеңес беріп, слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Отандық денсаулық сақтау саласының білікті мамандары шеберлік сағаты соңында аудан тұрғындарын 90 жылдық мерекемен құттықтады. Айта кету керек, аталған дәрігерлер 8-9 тамыз күндері аудандық емхана және аурухана базасында аудан тұрғындары үшін тегін кеңес беріп, емдеу шараларын жүргізуде.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Пікір 1