Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдың саңлақ дәрігері

Сырдың саңлақ дәрігері


2018 жылға арналған облыстық қоғамдық саяси ма­ңыз­ды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шәдібай Нұрғазыұлы Абдоллаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жадымызда жүр - өткен өмір белестері» атты еске алу кеші өтті.
Тағылымды кешке медицина саласының ардагерлері Астрахан Қожақов, Жанымкүл Сейпулова, Орынбасар Әбдіразақова, аудандық аурухананың хирург дәрігерлері Бектас Ердәулетов, Сексенбай Ерімбет және кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қатысты.
Кешті жүргізген аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Раушан Құлмаханова Сыр бойына, елімізге танымал дәрігердің өнегелі өмір жолымен оқырмандарды таныстырып өтті. Шәдібай Нұрғазыұлы 1928 жылы 5 ақпанда Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасында хирург дәрігер болып бастаған. Ал, 1958-1976 жылдары облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды. Одан кейінгі жылдары өлкелік патология ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметінде болды. 1977 жылдан 1995 жылға дейін ғылыммен айналысып өзі оқыған институтта кафедра меңгерді. Он мыңнан астам ота жасаған білікті дәрігер 250 ге тарта ғылыми еңбектерді жарыққа шығарып, Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Профессор оташылдық ілім тұрғысында қазақ топырағында мемлекеттік тілде тұңғыш оқулық жазып, баспадан шығарды. Ол мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, үш докторлық, төрт кандидаттық диссертацияның қорғалуына ғылыми жетекшілік жасаған білікті ұстаз.
Мазмұнды кеште ардагер дәрігер А.Қожақов, Абдоллаевтың шәкірті С.Ерімбет жарқын естеліктер айтып, Сырдың саңлақ дәрігерінің ізін бүгінде оның ұлы Марат жемісті жалғастырып келе жатқанын жеткізді.
Кеш қорытындысында «Ортасын өрге сүйреген дәрігер» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Ш.Балтабайұлы

12 ақпан 2018 ж. 1 551 0