Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ТУҒАН ЖЕР


Туған жер ыстық маған қыр мен сырың,
Сенде өсіп оқыдым да алдым білім.
Әрқашан арналады бір өзіңе
Жүректі жарып шыққан ән мен жырым.

Қадірлі мекен болдың қасиетті,
Келбетің сүйсіндіріп ғашық етті.
Дәстүрін ата-ананың жалғастырып,
Бойыма құйдым адал қасиетті.

От болып шабыт шіркін лапылдаған,
Әр көше әрбір талың жақын маған.
Бүгінгі үлкен тойда алдыңа кеп.
Бас иді тағзым етіп ақын балаң.

Жиналып Сыр елінің түлектері,
Табысып бір арнада тілектері,
Өзіңе арнап жатыр ықыласпен.
Шынайы алғыс сөзін жүректегі.

Отырсын ұл-қыздарың тақта бекем,
Бермейік ар-намысты жатқа бөтен.
Тереңөзек топырағында туғанымды,
Құрмет тұтып әр уақытта мақтан етем.

Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
04 тамыз 2018 ж. 1 099 0