Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА


Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Ондайда бірінші Алланы ауызға алып, екінші дәрігерге жүгінеміз. Сондықтан халық денсаулығын қорғауда дәрігерлердің алатын орын бөлек. «Дәрігерлері жұмыс істемейтін елде өмір сүру қауіпті» деген екен кезінде бір данышпан. Ақ халаттылардың іс-әрекеттеріне аймақ бойынша баға бере алмаймыз, ал аудан дәрігерлері қалай жұмыс жасап жатыр деген мәселенің әр бір тұрғынды толғандыратыны хақ. Шыны керек, «Сырдария аудандық амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана» ШЖҚ жаңа бас дәрігерінің бастамасымен аудан дәрігерлерінің қызметін халыққа жақындату мақсатында аудандық қоғамдық ұйымдар өкілдері мен ақ халаттылардың кездесуі ай сайын тұрақты өткізіліп келеді. Өйткені қоғамдық ұйымдар өкілдері халықпен етене араласатын, бірге жүріп-тұратын тұлғалар. Олардың дәрігерлермен бірге түрлі ауруларға қарсы түсінік жұмыстарын жүргізуі бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Бас дәрігер Н.Ж.Мырзағалиева өзінің қызметіне тағайындалғанына екі ай өткенде қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, ауданның медицина саласында атқарылып жатқан, болашақта жүзеге асатын жұмыстарды саралады. Бұл бірінші кездесу бұдан бір ай бұрын өткен болатын. Онда қоғамдық ұйымдар өкілдері және емделушілер аудандық емхана және аурухана жұмыстарында тың жаңа серпілістердің бар екендігін атап өтті. Мысалы ертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін емханада кезекші дәрігер қызмет ететінін, бұрынғыдай қан алдыруға екі-үш сағат ерте келіп, шұбатылған кезекке тұрудың жойылғанын, әрбір дәрігердің өз орнында уақытпен санаспай жұмыс жасап жатқанын, аудандық ем- хана мен балалар бөлімшесінде оңалту орталықтарының ашылғанын т.б. жетістіктерді тұрғындар ризашылықпен әңгімеледі.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Бас дәрігердің мек- тептерге барып, ондағы медбикелердің жұмыстарымен танысуы көпшілік көңіліне ұнамды әсер қалдырды. Ұлт саулығы – бала бақшалар мен мектептерден басталады емес пе? Бұл маңызды мәселенің ақ халатты абзал жандар тарапынан назарда болуы қуанарлық жәйт.
Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында қоғамдық ұйымдар өкілдері мен аудан дәрігерлерінің ай сайынғы жоспарланған екінші кездесуі өткізілді. Бұл басқосу аудандық емхананың бірінші қабатында орналасқан дәрігерлердің мүгедектерді қабылдау кабинетімен танысудан басталды. Мүмкіндігі шектеулі жандар ешқайда жүгірмей, ауру белгісіне қарай ем-домдық нұсқаулықтарын осы жерден алады. Жоғарғы қабатқа көтерілмейді. Келесі кабинет диспансерлік есепте тұратын емделушілерге арналған. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша жаңа - 2018 жылдан бастап аталмыш сырқаттар ауру түрлеріне байланысты анализдер тапсырады. Ол компьютер арқылы жинақталып, диспансерлік есеп кабинетіне түседі. Сырқат бұрынғыдай кабинет жағалап жүрмейді. Ерлер көрінетін бөлім, ЭКГ, т.б. кабинеттердің емхананың бір қанатында қатар орналасуы сырқаттарға жеңілдік туғызады. Мұнан соң кездесуге қатысушылар аурухананың басты қақпасы саналатын қабылдау бөлмесіне жасалған оң істердің куәсі болды. Бір айдың ішінде қыруар жұмыстар атқарылыпты. Кіре беріс шатыры жаңартылып, баспалдақтарына күрделі жөндеу жүргізілген, пандус орнатылған. Қабылдау бөлмесі бірінші қабатта орналасқан, аурухана акт залының есебінен кеңейтіліп, ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсететін бөлмелер жабдықталуда. Оған қажетті заманауи медициналық қондырғыларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы алынуда. Аудан әкімінің қолдауымен КНС ғимараттан қашығырақ орна- тылып, бу қазандықтарына қосымша насостар алынған. Соның нәтижесінде аурухана бөлімшелерінде жылу қалыпты жағдайда. Барлық жерде тазалық пен тәртіп бар. Қоғамдық ұйымдар өкілдері аурухананың негізгі бөлімшелерін аралап, сырқаттармен пікірлескенде оған анық көз жеткізді.
Кездесу қорытындысында қоғамдық ұйымдар өкілдері аудандық емхана мен аурухана жұмыстары жайлы өз пікірлерін білдірді. «Жақсыны көрмек үшін» де- гендей бірқатар жақсы істердің куәсі болдық. Осын- дай игіліктеріңіз көбейе берсін. Сіздердің жұмыстарыңыз халықтың көңілінен шықсын, - деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы ағамыз. Медицина саласында алға ұмтылушылық бар екені айқын көрініп тұр. – Бұл орайда көп нәрсе бірінші басшыға байланысты. Тіпті, дәрігерлердің сырқаттарды қабылдау этикасына дейін өзгеріпті, деген Ұ.Жаналиева сөзінің жаны барма деп қаласың.
Бас дәрігер Н.Мырзағалиева өз сөзінде тәжірибелі дәрігерлер арқылы жастарды баулуға жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білікті хирург Бектас Ердәулетов бастаған дәрігерлер соңғы үш айда екі күрделі ота жасап, адамдарды ажалдан арашалап алған. Аудандық емханада қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Дәрігерлер қауымын жұмысқа қабылдау солардың еншісінде Мерекелік кездесудің соңында ақ халатты абзал жандар мерейлі мейраммен қоғамдық ұйымдар өкілдерін құттықтап, сый- сияпат жасады.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында ұлт саулығы бәрінен де маңызды екені айтылған. Адамдарға өмір сыйлап, еліміздің жарқын болашағы үшін денсаулық күзетінде тұрған жандарға қажымас қайрат тілейміз.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
19 желтоқсан 2017 ж. 1 120 0