Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – жаңа мүмкіндіктер мен маңызды міндеттер бастауы

Жолдау – жаңа мүмкіндіктер мен маңызды міндеттер бастауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында «Қалжан ахун» бастауыш партия ұйымында мазмұнды кездесу өтті.

Басқосу барысында ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері сөз болды.

Кездесуге қатысушылар Президент Жолдауында айқындалған бастамалардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешу және тұрғындардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру бағытында пікір алмасты.

Жиын барысында сөз алған қатысушылар Жолдауда айтылған бастамалар қоғамның барлық саласына серпін беретінін жеткізді. Олардың пікірінше, елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатының артуы – ортақ мақсат. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар мен партиялық жобалардың жүзеге асуына үлес қосу маңызды.

Сондай-ақ партия ұйымының мүшелері өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді қолдайтындарын жеткізді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар Жолдауда белгіленген басымдықтарды іске асыруға атсалысу, қоғам игілігі жолындағы жұмыстарды жандандыру және партиялық бастамаларды қолдау қажеттігін атап өтті. Елдің жарқын болашағы мен тұрақты дамуы жолындағы ортақ іске әр азамат өз үлесін қосуы тиіс екені айтылды.
17 қараша 2026 ж. 16 0