Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде әскерге шақыру науқаны аясында кездесу өтті
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға әскери қызметтің маңызын түсіндіру, Отан алдындағы азаматтық борыштың жауапкершілігін насихаттау және әскери-патриоттық тәрбиені күшейту.Іс-шараға алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Айдос Тәжібаев қатысып, студенттермен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында әскери қызметтің артықшылықтары, әскердегі тәртіп пен жауапкершілік, сондай-ақ жастардың ел қорғанысындағы рөлі туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әскери қызметтің болашақ өмірге беретін тәжірибесі мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Тағылымды кездесудің жас буынға патриоттық рух сыйлап, елге қызмет етуге деген қызығушылығын арттыруға ықпалы зор болды.
Кездесу барысында әлемдегі қазіргі шетелдік қақтығыстар мен олардың салдары туралы да қысқаша ақпарат берілді. Атап айтқанда, түрлі мемлекеттер арасындағы әскери жанжалдардың бейбіт өмірге тигізетін әсері, ел қауіпсіздігін сақтаудың маңызы және тұрақтылықтың құндылығы түсіндірілді. Студенттерге қандай жағдайда да ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылып, бейбітшілік пен бірліктің маңызы насихатталды.










