Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында тағылымды кездесу өтті
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында жастармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға әскери қызметтің маңызын түсіндіру, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің жауапкершілігін насихаттау және жас буынның әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту.
Іс-шараға алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Айдос Тәжібаев қатысып, студенттермен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында әскери қызметтің артықшылықтары, әскердегі тәртіп пен жауапкершілік, Отан қорғаудың маңызы және жастардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, әскери қызметтің жастардың бойында тәртіп, жауапкершілік, төзімділік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызы түсіндірілді.
Тағылымды кездесу жастардың әскери қызметке деген оң көзқарасын қалыптастырып, патриоттық рухын арттыруға бағытталды.










