«Таза Қазақстан» экологиялық жобасында аралдықтар белсенділік танытуда

Арал ауданында ұйымдастырылған акцияға 10 мыңға жуық оқушы, 2 мыңға тарта мұғалім және ерікті ата-аналар қатысып, туған өлкенің тазалығы үшін бірлесіп еңбек етті. Олар мектеп маңайын, қоғамдық орындарды, көшелер мен саябақтарды күл-қоқыстан тазалап, жасыл белдеулерді күтіп-баптауға атсалысты. Бұл шара – ұжымдық еңбектің, ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналды.
Экологиялық тәрбие – болашақ ұрпақтың саналы, табиғатқа жанашыр тұлға болып қалыптасуының негізі. Осы орайда аудан мектептерінде оқушылар арасында табиғатты қорғау туралы танымдық сағаттар, сурет көрмелері мен эссе байқаулары да ұйымдастырылды. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру үшін атқарылған жұмыс өз нәтижесін берді.
Арал жұртының ұйымшылдығы мен табиғатқа деген қамқорлық көңілі – өзгелерге де үлгі. «Таза Қазақстан» жобасы тек бір күндік іс-шара емес, ол әрқайсымыздың күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Таза қоршаған орта – жарқын болашақ кепілі!

Фото: Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі