Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Көркейту іс-шарасына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсин, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде, Сыр өңірінде, ауданымызда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» дейді. Ағаш егу – атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бүгін отырғызылған әрбір көшет ертең саялы баққа айналып, тұрғындар игілігін көреді, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ағаш отырғызу іс-шарасы аудан орталығындағы «Парасат» алаңында ұйымдастырылып, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан басшысы тұрғындарды туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 сәуір 2025 ж. 109 0