Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі
Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 23 тамыз күні «Коммуналдық арна» базарының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.Жәрмеңкеге аудан аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысып, өз өнімдерін тұрғындарға ұсынады.
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.
Өтетін орны: Тереңөзек кенті, «Коммуналдық арна» базарының алды
Күні: 23 тамыз сағ:09:00 де.
Барша аудан тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!










