Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жалғасуда

Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүзеге асырылып жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысып, жұмыс қарқынын бақылады.

Шіркейлі ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ауылға дейінгі жоғары қысымды газ құбырының 11 шақырымы тартылған. Сонымен қатар елді мекен ішіндегі төмен қысымды газ құбырының 9 шақырымы жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда нысанда 12 техника жұмылдырылып, 35 жұмысшы еңбек етуде.

Ал Қоғалыкөл ауылында жоғары қысымды газ құбырының 8 шақырымы тартылған. Ауылішілік төмен қысымды газ құбырының 10 шақырымы жүргізіліп, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жұмыс барысына 11 техника мен 20 жұмысшы тартылған.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына баса назар аударып, жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.
06 қараша 2026 ж. 66 0