Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтау мен Дубай арасында тікелей әуе рейсі қайта ашылады

Ақтау мен Дубай арасында тікелей әуе рейсі қайта ашылады

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау мен Дубай арасындағы тікелей рейстерді 21 қарашадан бастап қайта жандандырады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, сейсенбі күні ұшақ Ақтаудан сағат 05:15-те ұшып, Дубайға 09:50-де жетеді. Кері рейс 10:55-те шығып, Ақтауға 17:25-те қонады.

Сенбі күндері рейс Ақтаудан 07:20-да ұшып, Дубайға 11:55-те жетеді. Кері бағыттағы ұшақ 13:00-де ұшып, 19:30-да Ақтауға оралады.

Әуе компаниясының ресми сайтында бір бағытқа билет құны 85 мың теңгеден басталады. Ұшу ұзақтығы шамамен 5,5 сағат. Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз 30 күнге дейін бара алады. Ол үшін төлқұжаттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы керек.

Сурет: FlyArystan




06 қараша 2026 ж. 29 0