Аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараты жанындағы жұмыс тобы отырысы өтті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ешниязовтың төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы жұмысшы топ отырысы өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.Күн тәртібінде негізгі бір мәселе қаралды. Аудан аумағындағы мешіттердің діни қызметін ұйымдастыру және имамдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндама жасалды.
Аудан әкімінің орынбасары баяндамашының ақпараттарын тыңдап, мешіттердегі діни қызметті тиімді ұйымдастыру, имамдармен қамтамасыз ету мәселесін шешу, сондай-ақ ауылдардағы діни ахуалды бақылауда ұстау және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берді.










