Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – ұлтаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу туралы болса, екінші мәселе – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың негізгі бағыттары мен олардың іске асырылу барысы туралы болды. Үшінші мәселе ретінде облыс және аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырыстарында қабылданған шешімдердің орындалу барысы жөнінде баяндама жасалды.

Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру және алдын алу шараларын күшейту бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 мамыр 2026 ж. 42 0