Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024 - 2026 жылдарға арналған Жол картасы» аясында білім беру және дене шынықтыру, спорт саласындағы профилактикалық жұмыстардың атқарылуы туралы болса, екінші мәселе – жастар арасында діни сенім бостандығын мен жат идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастардың маргинал тобымен жүргізілетін әлеуметтік бейімдеу шараларының барысы туралы баяндама жасалды.

Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар жастардың маргинал топтарымен жүргізілетін әлеуметтік бейімдеу шараларын жетілдіру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 тамыз 2026 ж. 53 0