Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінің ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

12-14 қыркүйек күндері елдің біраз өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде жылы әрі құрғақ күндерден кейін ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі және жел күшейеді.

Сонымен қатар еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды. Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13+20 °С-қа, орталық өңірлерде +15+25 °С-қа дейін төмендейді. Батыс өңірлерде ауа температурасының біртіндеп +20+30 °С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айы ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық уақыт болып тіркелді.

Сурет: ашық дереккөз
11 қыркүйек 2026 ж. 58 0