Еліміздің оңтүстігінде 40 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбіде еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.Астанада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 30-32 градусқа дейін жетеді.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Ауа температурасы 30-32 градус шамасында болады.
Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болжанып отыр. Ал Қарағандыда күндізгі температура салыстырмалы түрде төмендеп, 25-27 градус болады.
Синоптиктер ауа райы қолайсыз өңірлерде тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Айта кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, тамыз айы әдеттегіден ыстық болады. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.
Фото: istockphoto.com










