Бүгін елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанған. Тек батыс, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ал оңтүстікте жел шаңды дауылға ұласады. Сондай-ақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта тұман болуы ықтимал.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында +35+38°С, Атырау облысында +34+39°С, Маңғыстау облысында +37+42°С қатты ыстық күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері күз мезгіліне арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды.