Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейбір өңірлерде бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі деп болжанып отыр. Солтүстік және орталық облыстарда, сондай-ақ оңтүстік өңірлерде 28-29 сәуір күндері, ал шығыста 29-30 сәуір аралығында негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал.


Сонымен қатар, 28-29 сәуір түнгі уақытта батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі уақытта ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: батыста +15…+20°C, солтүстік-батыста +17…+25°C, солтүстікте +21…+26°C, орталықта +21…+30°C, шығыста +19…+27°C, оңтүстікте +25…+34°C, ал оңтүстік-шығыста +22…+27°C шамасында болады.
27 сәуір 2026 ж. 346 0