Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылықтар ұлықталған этноауыл

Ұлттық құндылықтар ұлықталған этноауыл

Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдық мерейтойы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата дәстүрді ардақтауға бағытталған «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты этноауыл ұйымдастырылды.

Этноауылда қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дәріптейтін көріністер орын алып, көпшілікке халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы таныстырылды.

Атап айтқанда, бесікке салу, айдар кесу секілді ұлттық салт-дәстүрлеріміз көпшілік назарына ұсынылып, олардың тәрбиелік мәні мен ұрпақ сабақтастығындағы маңызы кеңінен көрсетілді.

Сонымен қатар, этноауыл аумағында қазақтың ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар дәстүрлі ойындар арқылы ұлттық өнер мен салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын арттырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 қыркүйек 2026 ж. 106 0