Ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды
Құрылтай сайлауы күні Нағи Ілиясов ауылындағы №165 сайлау учаскесінде ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.Маңызды саяси науқанға орай өткізілген іс-шара ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтеріп, сайлау күнінің мазмұнын арттыра түсті. Ұлттық спорт түрлеріне қатысушылар белсенділік танытып, өзара бақ сынасты.
Шара барысында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары кеңінен дәріптелді. Ұлттық ойындар арқылы жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан асыл мұраны насихаттау, тұрғындардың бірлігін нығайту және сайлау күніне ерекше сән беру көзделді.
Ауыл тұрғындары ұйымдастырылған игі бастамаға қызығушылық танытып, белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үлес қосты.









