Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЕДӘУІР ТИІМДІ

ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЕДӘУІР ТИІМДІ


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақ­са­­тында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге кө­ші­ріліп, тиімділігі артқан. Әр саладағы мемлекеттік қыз­меттерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс. Осы орайда, аудандық жер қатынастары бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімінде семинар-кеңес өткізді. Оған аудан әкімі аппаратынан, аудандық жер қатынастары бөлімінен, халыққа қызмет көрсету орталығынан мамандар және кент тұрғындары қатысты.
Аудан бойынша жер учаскелерін алуда процедуралардың ашықтығы, жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы заңнаманы сақтауы, жер комиссиясының жеке және заңды тұлғаларға жер мәселелері жөніндегі өтініштерін қарауы бойынша түсінбеушілік орын алмау үшін өткен семинар-кеңесте аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Ерішова бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді атап көрсетті. Маман Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгориттімдері стандарттар мен регламенттермен бекітілгендігін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е – лицензия», «ИИС – ЦОН» жүйесі арқылы көрсетілетінін жеткізді. Мәселен, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту, жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру, елді мекен шегінде құрылысқа жер учаскесін беру, суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, сондай-ақ, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау қызметтері электронды түрде көрсетіледі.
Мұнан бөлек, бөлім маманы «Жер қатынастары саласы бойынша» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің біріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына сәйкес «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнде жүргізіледі. Бұл «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, баяндамашы қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынуы тиіс қажетті құжаттарды тізбектеп берді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беруге құқылы болмақ.
Жиын барысында А.Ерішова мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жер қатынастары саласы бойынша» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті қазақ және орыс тілінде бөлімдегі «Ақпараттық тақтада» ілінгендігін және қол жетімді болу үшін парақшалар таратылғандығын айтты. Осы салаға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы тұрғындар сауалына жа­уап беріп, қызмет сапасын арттыру бағытында тиісті жұмыс жасалып жатқандығын жеткізді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
21 шілде 2018 ж. 2 980 0