Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың қауіпсіз демалысы – басты назарда

Балалардың қауіпсіз демалысы – басты назарда

Сырдария ауданы прокурорының орынбасары Алмас Махмут Ахтанұлы «Жалын» сауықтыру лагеріне келіп, жазғы демалыс маусымындағы лагерьдің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында лагерь аумағы араланып, балалардың демалысына жасалған жағдайлар, жатын орындар, асхананың жұмысы, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуы қаралды. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени-танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралардың барысымен танысты.

Лагерь басшылығы тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы демалысын ұйымдастыру және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуі жөнінде ақпарат берілді.

Өз кезегінде Алмас Махмут Ахтанұлы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, лагерь ұжымына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда «Жалын» сауықтыру лагерінде балалардың сапалы демалысы мен жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

03 маусым 2026 ж. 43 0