Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Жалын» тынығу лагерінің жазғы маусымға дайындығын көрді

«Жалын» тынығу лагерінің жазғы маусымға дайындығын көрді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге балалардың жазғы демалысына байланысты «Жалын» сауықтыру лагеріне барып, дайындық барысын көрді.

Қазіргі уақытта лагерь аумағында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нысандар ретке келтіріліп, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда тынығуы үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылған және демалыс орнының аумағы абаттандырылуда.


Аудан басшысы лагерьдің санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына айрықша мән беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ барлық жұмыстарды сапалы аяқтап, жазғы тынығу маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жауапты мамандарға тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2026 ж. 119 0