Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімі «Жалын» лагерінің дайындық барысымен танысты

Аудан әкімі «Жалын» лагерінің дайындық барысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Жалын» сауықтыру лагеріне барып, жазғы тынығу маусымына дайындық барысымен танысты.

Аудан басшысы лагерь аумағын аралап, балалардың демалуына арналған нысандардың жай-күйін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және санитарлық жағдайын қарап шықты. Сонымен қатар, лагерьді дайындауға жауапты мамандармен кездесіп, алдағы маусымға қойылатын міндеттерді атап өтті.

– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруды қатаң тапсырды. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын басты назарымызда ұстауымыз қажет. Олардың уақыттарын тиімді ұйымдастырып, каникул кезінде сауықтыру шараларымен қамтамасыз ету керек. Лагерьде барлық қолайлы жағдай жасалып, тамақтану, қауіпсіздік пен тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Тиісті сала мамандарына лагерьді уақтылы және сапалы түрде дайындау, медициналық қызметтермен және тәрбиешілермен толық қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы жазда аудандағы «Жалын» сауықтыру лагеріне 6 ауысым бойынша 691 баланы қабылдау жоспарлануда. Әр ауысымда 110-120 бала тынығатын болады. Бүгінде сауықтыру лагері тынығушыларды қабылдауға толық дайын.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2025 ж. 329 0