Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Қазақстан Республикасының Егеменді, Тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру қажет.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бүгінгі таңда елімізде тілдер қолданысының дамуын іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекетті тіл – қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді.

Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы іс-қағаздарының екі тілде, мемлекеттік және ресми тілде жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі - әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет.
Тіл тағдыры ‑ ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.
                                                                           
Абзал ЕЛКЕНОВ,
Қызылорда облысының
кәмелетке толмағандардың
істер жөніндегі мамандандырылан
ауданаралық сотының бас маманы
Фото: ашық дереккөз 
28 мамыр 2026 ж. 48 0