Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Бүгінгі таңда елімізде тілдер қолданысының дамуын іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жүйесінде Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді.

Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы іс-қағаздарының екі тілде- мемлекеттік және ресми тілде жүргізіледі. Бұл ретте Мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор.

Біздің ана–тіліміздің тұғырының мықты болуы әрбір қазақстандықтардың міндеті.

Осы орайда, заңдылықты қадағалау саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілді жетік меңгеруіне  және мемлекеттік тілді оқып үйренуге бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру сот жүйесінде де назарынан тыс қалмағанын атап өтуге болады.


О.Дүйсенов,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман – аға сот приставы

Фото: shanyraq.infо
19 қараша 2023 ж. 172 0