Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тіл – ел байлығы

Мемлекеттік тіл – ел байлығы

Қазақстан Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл Тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, қанатын қатайтты.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданы­латын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді жетік білу – бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойылып отырған өзекті мәселенің бірі. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытуға әрбір қызметкер өз үлесін қосуға міндетті.

«Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтпаса керек. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Өсе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Бауыржан Момышұлының мына бір сөзінің өзі-ақ адамға қаншама ой түйдіреді: «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Елімізде тіл саясаты басты назарда. Мемлекет тарапынан әрдайым басым көңіл бөлініп келеді. «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе аппарат­тардың басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесжауаптылықта  болады.

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiл­меу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналас­тыру бойынша талаптарды бұзу ҚР заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатыны көрсетіл­ген. Халқына қызмет атқарғысы келген әрбір жас маман мемлекеттік тілді толыққанды білмейінше, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігі аз екенін міндетті түрде ескеруі қажет.

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті және құдыретті екенін ұмытпайық. Тіл – ұлт­тың тірегі, басты құндылығы. Тіл мәртебесін көтеру – сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан да мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге жұмыла атсалысайық!

Ғалымжан Мырзахметов,
Cырдария аудандық сотыныңжетекші маманы, баспасөз хатшысы
Фото: ашық дереккөзден
27 қаңтар 2024 ж. 167 0