Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүзуден әлем кубогінде Қазақстан рекорды жаңарды

Жүзуден әлем кубогінде Қазақстан рекорды жаңарды

Бүгін Астана қаласындағы «Барыс Аренада» жүзуден «Жібек жолы» сериясы аясында әлем кубогінің кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы жарыс күнінің іріктеуі нәтижесінде еліміздің үш өкілі кешкі финалға жолдама алды. Айбат Мырзамұратов бірден екі бағдарламада жүлдеге таласады. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеуде 26,57 секунд нәтиже көрсетсе, 200 метрге 1 минут 57,50 секундта жетті.

Егор Попов 100 метрге еркін стильмен жүзуде 47,82 секунд нәтижесімен финалға жолдама алды. Ал Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде мәре сызығын 25,97 секундта кесіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Осыған дейінгі рекорд та өзіне тиесілі еді (26,06 секунд).
Спорт дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді финал бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар.


Сурет: Туризм және спорт министрлігі




15 қазан 2026 ж. 61 0