Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тілі.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру қажет.

Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілі­нің көсегесін көгерту өзін қазақпын деп санай­тындардың ғана емес, жалпы Қазақстан топы­рағында тұратын азамат атаулыға, бәріміз үшін мәртебелі міндет.

Жыл сайын мемлекеттік тілді қолдану ауқымы кеңейіп келе жатқаны анық. Себебі оның дамуы қашанда уақыт пен төзімділікті қажет етеді.

Мағжан Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттық тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген екен. Сондықтан «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мемле­кеттік тілді дамыту үшін бір-бірімізге ала бол­май, түгел бола білсек, көздеген мақсатқа тездетіп жетуге болатынына сенімдімін.

Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.


Тоғжан Маханбетова,
Сырдария аудандық сотының
іс-тіркеуші инспекторы
04 наурыз 2023 ж. 295 0